УЕФА ұлттық қауымдастықтарға көмек ретінде 236,5 миллион еуро бөледі

759

Бұл жолы УЕФА ассоциацияларға осы ақшаның неге жұмсалатындығын өздері таңдауға мүмкіндік береді.

УЕФА ұлттық қауымдастықтарға көмек ретінде 236,5 миллион еуро бөледі

УЕФА ресми сайтында барлық 55 ұлттық қауымдастыққа көмек көрсету үшін 236,5 миллион еуро бөлінгенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып отыр.

Әдетте, мұндай қаржыландыру ағымдағы шығындарды жабуға және отандық футболдың белгілі бір салаларын дамытуға жұмсалады. Алайда, бұл жолы УЕФА ассоциацияларға осы ақшаның неге жұмсалатындығын өздері таңдауға мүмкіндік береді.

Көмек Еуро-2004 жарысынан кейін басталған УЕФА-ның HatTrick бағдарламасы аясында көрсетілді. Еуропа чемпионатынан түскен қаражаттың бір бөлігі футболды дамытуға жұмсалады. 2024 жылы HatTrick ұлттық қауымдастықтарға 2,6 млрд еуро бөледі деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу