ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсы басталды

560

Конкурс арқылы 47 мемлекеттік грант үлестірілмек.  

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсы басталды Фото: gov.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конкурс 47 мемлекеттік грантты іске асыруға, оның ішінде 22 – қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба 6 сала бойынша жарияланды:

  1. халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  2. азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  3. азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  4. қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
  5. жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  6. отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Барлық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сондай-ақ, операторға өтінімді, құжаттарды қолма-қол тапсыруға болады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5-қабат, 504/3 кабинетте орналасқан.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін, ұзақ мерзімді гранттарға 12 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін енгізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу