Угандадағы АҚШ елшілігі виза беруді тоқтатты

160

Бұған аймақтағы Эбола індетінің өршуі себеп.  

Угандадағы АҚШ елшілігі виза беруді тоқтатты Фото: aa.tr

АҚШ-тың Угандадағы елшілігі виза беруді уақытша тоқтатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шектеулер әсіресе кейінгі үш апта ішінде Угандаға, Конго Демократиялық Республикасына немесе Оңтүстік Суданға барған шетел азаматтарына қатысты болып отыр. 

Індеттің АҚШ халқы үшін қаупі әзірге төмен деңгейде бағаланып отыр. Қазір тиісті мекемелер эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл шара иммиграциялық визаларды, сондай-ақ туристерге, іскер саяхатшыларға, студенттерге, алмасу бағдарламасына қатысушыларға және иммигрант еместердің барлық басқа санаттарына қатысты", – деп түсіндірді дипломатиялық миссия.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу