Үй алу кезегін "айналып өтуге" тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды

740

Шығыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй алу кезегін "айналып өтуге" тырысқан бойжеткен алаяққа алданды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Үй алу кезегін "айналып өтуге" тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды

Сәуір айының соңында Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ 102 жедел арнасына 29 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол осы жылдың 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен оның 450 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдап алғанын айтқан. Ойындағысын іске асырғысы келген жәбірленуші тұрғын үйге кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасымен қаражатты аударған.

Арызды қабылдап алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кірісті.

Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу