Үй алып беремін деп ақша алған алаяқ ұсталды

883

 Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. 

Үй алып беремін деп ақша алған алаяқ ұсталды

"Пәтер сатып алуға көмектесемін" дегеніне сеніп, 2 миллион теңге ақшасын танысына санап бере салған тараздық тұрғын сан соғып қалды. Алаяқтың арбауына түскенін кеш түсінген ол Тараз қаласындағы полиция басқармасының полиция бөліміне  арызданды.

Танысы қаланың шағын аудандарының бірінде пәтер сатып алуға көмектесемін деп сендірген. Алдын ала 2 миллион теңгені керек жерге беріп қою керек екенін ескертіп, ақшасын алған соң хабарсыз кеткен. Жаңа пәтер де жоқ, ақшасын тағы қайтара алмай қалған.

Алдап біреудің адал ақшасын алған алаяқ Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін толық мойындап отыр.

Қазір осы дерекке қатысты  Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Айта кету керек, биыл 9 айдың өзінде полиция қызметкерлері 600-ден астам алаяқтық дерегін тіркеп отыр. Оның 165-і интернет арқылы жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу