Үй кезегінде тұрғандарға 1 млн теңгелік қайтарымсыз сертификаттар беріледі

1228

Бұл сертификаттарды "Шаңырақ", "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында пайдалануға болады. 

Үй кезегінде тұрғандарға 1 млн теңгелік қайтарымсыз сертификаттар беріледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалада жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айтуынша 2021 жылдың 31 мамырында қалалық мәслихат шаһарда тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға тегін және қайтарымсыз негізде 1 млн теңге көлемінде баспана сертификаттарын береді.

Ол сертификаттарды төмендегі санаттағы азаматтар алады:
• I және II топ мүгедектері;
• мүгедек балалары бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
• ата- ана қарауынсыз қалаған жетім балалар;
• көпбалалы отбасылар.

Сертификаттарды "Шаңырақ" (5-10-20), "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы және "Бақытты отбасы" (2-10-20) бағдарламасы аясында пайдалануға болады.
"Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй қарызын беруге келісім алған, соңғы 6 айдағы табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 106 336 теңгеден аспайтын азаматтарға беріледі", – деді шаһар басшысы. 

Алматыда ескі үйлердің мәселесін шешу үшін тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы қабылданды. Ол тозығы жеткен 708 үйді немесе 6 637 пәтерді бұзуды және 683 үй салуды қарастырады, бірақ қазірдің өзінде жалпы ауданы 2,3 млн шаршы метрді құрайтын 34 605 пәтер салынады. Бағдарлама реновацияланатын пәтерлер иелерінің толық келісімімен, меншік құқығының кепілдігімен жүзеге асырылады.
"2021 жылдың басынан бері бағдарлама аясында инвесторлардың өздері ӘКК-мен бірлесе отырып, 126 пәтерлі 14 тозығы жеткен үйді сүрді, Жетісу, Түрксіб, Бостандық аудандарындағы ескі үйлер бұзылуда, ал Түрксіб ауданында 16 пәтерлі бір апатты үй сүрілуде", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу