"Үй маңынан түрлі дыбыс шығатын": Атыраудағы атышулы қылмыс туралы тың ақпарат айтылды

Мұны сотта марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы сөз етті.  

"Үй маңынан түрлі дыбыс шығатын": Атыраудағы атышулы қылмыс туралы тың ақпарат айтылды Фото: azh.kz

Оның сөзінше, көршілері ерлі-зайыптылар өлі табылған үй маңынан әртүрлі дыбыс шығатынын айтып, үрейленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әдемі Шілмағамбетова бұл сөзін қанды қылмыс болған аумаққа қатысты айтып отыр.

– Айналадағылар үй маңынан түрлі дыбыс шығады деп қорқатын, – деді ол сотта.

Сот процесінде тараптар оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты түрлі деректі айтты. Куәгерлер мен жәбірленуші тараптың өкілдері өздеріне белгілі мәліметтерді айтып жатыр.

Жаза кеткен жөн, аталған іс қоғамда үлкен резонанс тудырды әрі шым-шытырық оқиғасымен кеңінен тарады.

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев Меккеге барып, күнәсі үшін кешірім сұрағанын айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу