Үй шаруашылықтарының 52,6%-ы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған - Ranking.kz

625

Одан бөлек газбен (25,2%), қатты отынмен (23,3%), сұйық отынмен (0,2%), электр энергиясымен (0,2%) жылытатын пеш те қолданылады.     

Үй шаруашылықтарының 52,6%-ы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған - Ranking.kz Фото: aikyn.kz

Қазақстанда бастапқы энергияны тұтыну ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткішке ие, ал әлемдегі орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Осылайша бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 150,1 ГДж-ды құрады. ТМД бойынша елімізден басқа көшбасшылар үштігінде Түркіменстан мен Ресей бар, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бастапқы энергия – табиғаттағы жасанды түрлендіру процесіне ұшырайтын энергия түрі. Бұл халықтың тұрмыстық және экономиканың барлық саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін елдегі энергия мен отын түрлерінің жиынтығы.

Ол түрлендіру процестерінің нәтижесінде энергияның басқа түрлеріне – жылыту, электр қуаты, тазартылған отынға және т. б. айналады.

Қазан айының қорытындысы бойынша орталықтандырылған жылыту (коммуналдық қызметпен реттелетін) саласында бір жылда баға 2%-ға төмендеген. Сондай-ақ биыл тарату желілері арқылы тасымалданатын көгілдір отын бағасының арзандауы да байқалды. Осылайша газ тарифтерінің төмендеуі өткен жылға қарағанда 0,6%-ды құрады. Десек те, қатты отын бір жылда 11,1%-ға өсті.

Елде коммуналдық қызмет төлемдерінің дұрыс есептелуі мұқият қадағаланады. Ranking.kz ақпаратына сәйкес, тұтынушыларға жылу үшін артық төленген 490 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылады.

Қайтаруға жататын қаражаттың басым бөлігі ШҚО (186,2 млн тг), Қарағанды облысына (81,3 млн тг), Алматы қаласына (40,9 млн тг) және Қызылорда облысына (38,8 млн тг) тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу