"Үй жанындағы дүкендер әлеуметтік тауарларды қымбатқа сатады"

1863

Тұрғындардың шағымы бойынша, әлеуметтік тауарларды белгілі шектен қымбатқа сату жағдайлары тіркелді. Көп жағдайда үй жанындағы дүкендер, яғни бөлшек сауда нысандары бағаны 15 пайыз үстемеден асырып қояды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында мәлім етті.

"Үй жанындағы дүкендер әлеуметтік тауарларды қымбатқа сатады"

Тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сенім телефонына екі мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 50 пайызы Алматы, 30 пайызы астанадан, ал 20 пайызы басқа өңірлерден келіп түскен.
"Осыған орай жергілікті органдар тарапынан саудаға бақылау-қадағалау функцияларын күшейту керек деп есептейміз", – дейді Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу