Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында өрт кезінде қаза болған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Солтүстік Қазақстан облысында анасы баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен, содан кейін өрт шықты. Біз баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ауыл тұрғыны қамауға алынды", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Ольшанка ауылында 18 қаңтарда кешке жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан бес жасар бала көз жұмды. Өрт кезінде қыз үйде жалғыз болған.
Қызылжар ауданы әкімдігінің мәліметінше, отбасы әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ретінде есепте тұрмаған.