"Үйде жалғыз қалғанда" фильмімен көрерменге танымал британдық актер Тим Карри 80 жасында қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Лос-Анджелес полициясының мәліметінше, сейсенбі кешке Норт-Голливуд ауданындағы үйден қоңырау түскен. Келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.
Тим Карри 1946 жылы 19 сәуірде Англияда дүниеге келген. Оның актерлік мансабы театрдан басталып, әлемге әйгілі болуына "Шоу ужасов Рокки Хоррора" фильміндегі Фрэнк Н. Фертер рөлі себеп болды.
Кейін ол Стивен Кингтің "Оно" романының телевизиялық нұсқасында Пеннивайзды, "Разгадка" комедиясында күтуші Уодсвортты, "Легенда" фильмінде Лорд Тьманы сомдап, "Один дома" фильміне де түскен.
Карри теледидарда, театрда жұмыс істеп, дыбыстаумен де айналысқан. 2012 жылы актер ауыр инсульт алып, одан кейін денсаулығына байланысты ем алған.