"Үйдің терезесінен секірген": Алматыда жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті

1589

Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Үйдің терезесінен секірген": Алматыда жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті Фото: canva.com

Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Жарақат алған 3 адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр", – делінген хабарламада.

Тағы үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алған.

Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу