Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ге сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша Бестөбе кентіндегі шахтада тастың опырылып, құлауы салдарынан заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалып қойған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
"Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады өңір полициясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу