Үйінен шығып кеткен бес жасар қыз бір тәуліктен бері табылмай жатыр

1330

Қостанай облысы Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мадинаны іздеу түні бойы жалғасты.

Үйінен шығып кеткен бес жасар қыз бір тәуліктен бері табылмай жатыр

Әзірге табылмай жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бала сөйлемейді. Таңертең 18 және 13 жастағы әпкелері ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткенге ұқсайды.

"Бір сағат бұрын іздеуден келдім. Жергілікті тұрғындар, еріктілер қосылып, көптеген адам іздестіріп жатыр. Кішкентай қыз басқа балалар сияқты емес, ол шаршағанын, қарыны ашқанын, тоңғанын да сезбеуі мүмкін... сондықтан кез келген жерде отыруы немесе алысқа ұзап кетуі мүмкін", – деп жазады kostanay_news әлеуметтік желісінде іздеуге қатысушылардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу