"Үйлер тоналып жатыр": Екібастұз полицейлері күшейтілген режимге көшті

820

Үйлер тоналмас үшін әлеуметтік желі қолданушылары екібастұздықтарды үйін иесіз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Үйлер тоналып жатыр": Екібастұз полицейлері күшейтілген режимге көшті Фото: Константин Шелков

Екібастұзда үйлер тоналып жатқаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.

Екібастұз қаласының полиция басқармасы қала полицейлері "қызметтің күшейтілген тәртібіне көшкенін" атап өтті.

"Егер күдіктілерді байқасаңыз, дереу "102", "112" нөмірлеріне қоңырау шалыңыз", – дейді полицейлер.

"Азаматтар үйлерін тастап кете бастаған бес күн ішінде бізде ұрлық пен тонау фактілері тіркелген жоқ. Біз барлық шараларды қолданып жатырмыз. Жеке құрам қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Кеше қалаға облыстық полиция департаментінен қосымша 30 қызметкер келді. Тәртіп сақшылары тәулік бойы, екі ауысымда кезекшілік атқарып жатыр", - деді Екібастұз қалалық ІІБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Әсіресе, бесінші және алтыншы ықшам аудандарда жұмыс күшейтілген. Тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді бақылауға алған.

Қарашаның 27-сіне қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу