Үкімет 2017 жылдың бюджетінде мұнай құнының болжамын 50 долларға дейін көтерді

766

Үкімет 2017 жылдың бюджетінде мұнай құнының болжамын 50 долларға дейін көтерді

Ұлттық экономика министрлігі  2017 жылға арналған бюджетте мұнай құнының болжамын 35 доллардан 50 долларға дейін көтерді.

"2017 жылға арналған  макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы қазіргі тенденциялар ескеріліп түзетілді. Олар бойынша  2017 жылы мұнай бағасы барреліне 35 доллардан 50 долларға  көтерілді", – деп хабарлады 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Сондай-ақ доллардың есептесу бағамы 1 доллар үшін 360 теңгеден 330 теңгеге өзгертілді, деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу