Үкімет 2017 жылға арналған республикалық бюджеттік инвестициялар тізімін бекітті

999

Үкімет 2017 жылға арналған республикалық бюджеттік инвестициялар тізімін бекітті

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қаралды, деп хабарлады pm.kz.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаулы жобасы Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдарға 377,3 млрд теңге сомасында мақсатты трансферттер сомасын бөлуден; 250,1 млрд теңге сомасындағы 2017 жылға арналған басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; кейінге қалдыру шарттарымен 113,1 млрд теңге сомасында басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; жалпы сомасы 438,6 млрд теңгені құрайтын, 147 позиция көлеміндегі 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізімінен тұрады.

"Бұдан өзге, 1,5 млрд теңге сомасындағы 2016 жылдың  республикалық бюджетінен бюджеттік қаражат қалдықтарының есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық міндеттерін ұлғайту ескерілген. Сондай-ақ, қаулы жобасы 4,2 млрд теңге көлеміндегі 2016 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген дамуға жұмсалатын мақсатты трансферт сомасын жергілікті атқарушы органдарға 2017 жылы толығымен пайдаланудан тұрады", – деді Бақыт Сұлтанов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу