Үкімет 2026 жылдың наурызына дейін жанармай бағасын ұстап тұрмақ

66

Елімізде АИ-92, дизель отыны және сұйытылған газға енгізілген мораторий көктемге дейін сақталады.  

Үкімет 2026 жылдың наурызына дейін жанармай бағасын ұстап тұрмақ Фото: business-gazeta.ru

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әлеуметтік маңызы бар жанармай түрлерінің бағасы 2026 жылдың наурызына дейін тұрақты болатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, жанармайдың бұл маркалары мемлекет тарапынан реттелетінін, ал АИ-95 пен АИ-98 бағасы нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Сұйытылған газға да дәл осындай шектеу қойылғанын нақтылады. Әдетте бұл өнімнің бағасы жылына екі рет қайта қаралатынына қарамастан, мораторий мерзімі аяқталғанша тариф өзгермейді.

Газ өндіру саласы қазір шығынмен жұмыс істеп тұр. Қолданыстағы тарифтер газ өндірушілерге де, өндіру компанияларына да табыс әкелмейді.

Министрлік жанармай және газ нарығын кезең-кезеңімен ырықтандыруға дайындалып жатыр. Бұл үдеріс мораторий аяқталғаннан кейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу