Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қолдауға басымдық береді

221

АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ.  

Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қолдауға басымдық береді Фото: ҚР АШМ

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, импортты алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөніндегі шараларды, сондай-ақ жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық берілетіні атап өтілді. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ.

Премьер-Министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл, сондай-ақ қолдағы қорларды іске қосуға, жаңа субсидиялау тәсілдерін әзірлеуге, жобаларды сапалы түрде іріктеуге және тауар өндірушілердің қарсы міндеттемелерді сақтауына да қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу