Үкімет басшысы Ақмола облысын аралап жүр

695

Үкімет басшысы Ақмола облысын аралап жүр

Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп жазды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев "Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінде болды. ҚАИК жұмысының мысалында өңірде индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ облыстың кәсіпорындарында цифрлық технологиялар мен индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты.

Жұмыс сапары "Бижан ет өңдеу зауыты" ЖШС нысанында жалғасады, онда Б. Сағынтаевқа президенттің дайын ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалады.

Облыстың аграршыларымен кездесуде АӨК дамытудың жандандырылған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылатын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа мүмкіндіктері, құралдары мен тетіктері, сондай-ақ елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланады.

Жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралау жоспарланған.

№1 қалалық емхананы тексеру кезінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысады. Облыстың медицина саласының қызметкерлерімен кездесуде медициналық қызметтердің сапасы, саланы қайта реттеу және жеке қызмет көрсету секторын дамыту мәселелерін талқылайды.

Б. Сағынтаевқа халыққа қызмет көрсету орталығында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мысалдарын, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жобалары таныстырылады.

Премьер-министрдің жұмыс сапары облыс әкімдігінде бизнес өкілдерімен және активпен өтетін кеңеспен аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу