Үкімет басшысы бидай мен жүгеріні терең өңдеуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы өнімдеріне шикізат ретінде ғана қарамауға шақырды. 

Үкімет басшысы бидай мен жүгеріні терең өңдеуді тапсырды Фото: Үкімет

Ол жауаптыларға жүгері мен бидайды терең өңдеп, экспортқа жөнелтуді тапсырды. деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылы іске қосылатын ірі жобалар қатарында Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдейтін "Фуфенг Груп" жобасын ерекше атаған болатын. 

Осыған орай, Үкімет басшысы бұл жобаны биыл іске қосып, министрге мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. 

– Сіз "Фуфенг Груп" жобасын атап өттіңіз. Келесі жылы емес, биыл бірінші өнім шығару керек. Иесімен келістік қой. Бақылауға алыңыз. Жалпы, бидай мен жүгеріні терең өңдеуге баса назар аудару керек. Бұл – қазіргі уақыттағы ең маңызды басымдық. Біз шикізатты емес, терең өңделген өнімді экспортқа шығаруымыз қажет, – деп қоса кетті Олжас Бектенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу