Үкімет басшысы: Газ өндіру қуатын арттыру керек

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осы мәселеге кеңінен тоқталды.  

Үкімет басшысы: Газ өндіру қуатын арттыру керек Фото: t.me/kmgpress

Оның сөзінше, елдің энергия ресурстарына деген сұранысын қанағаттандыру маңызды саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мұнай өндірудің жоспарлы деңгейін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігіне ірі жер қойнауын пайдаланушылармен өндіріс көлемін ұлғайту шаралары бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырамын. Газ өндіру қуатын арттыру қажет. Энергетика министрлігіне QazaqGaz және ҚазМұнайГаз компанияларымен бірлесіп, биыл Қашағанда көлемі 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтауды, ал келесі жылдын басында Жаңаөзендегі зауытты пайдалануға беруді тапсырамын, – деді ол.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов газ тасымалдау жүйесі туралы да айтып өтті.

– "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісін табысты іске асыру стратегиялық міндет саналады. Бұл қолжетімді газ көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігі осы орайда тиісті үйлестіру мен қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет, – деді ол.

Бұған дейін Олжас Бектенов Үкімет мүшелеріне қарата "бос әңгімені доғаратын уақыт келді" деп тапсырма берген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу