"Өңірлерде халыққа көмір сату мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Бәсекелестікті қорғау агенттігі әкімдіктермен бірлесіп, көмірдің бағасын ерекше бақылауға алсын және халық үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын!", – деді Асқар Мамин.
Бұдан кейін премьер-министр энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлеріне жылыту нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын пысықтау қажет деген пәрмен берді.
Қанат Махамбет
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу