Үкімет басшысы компанияларды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

804

Үкімет басшысы компанияларды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев  жоспарланған нысандарды  2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруді тапсырды.

"2018 жылдың соңына қарай ІРО-ға шығарылғаннан өзге бірде-бір жекешеленбеген нысан қалмауы керек. Қайрат Нематұлы, АХҚО компанияларымыздың акцияларын орналастыратын негізгі алаңқайға айналуы үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет" ,– деді премьер-министр үкіметтің отырысында. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Бақытжан Сағынтаев әрбір нысан бойынша жекешелендірудің мерзімін биылғы жылғы ақпанның соңына дейін қайта қарауды тапсырды.

"Бұл ең алдымен жекешелендірілетін нысанның 60%-дан астамы тиесілі аймақтардың әкімдеріне қатысты. Сондықтан қаржы министрлігіне нысандарды сатып процесіне қатаң бақылау қоюды тапсырамын", – деп атап өтті үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу