Үкімет басшысы NASDAQ компаниясының вице-президентімен кездесті

637

Үкімет басшысы NASDAQ компаниясының вице-президентімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев National Association of Securities Dealers Automated Quotations (NASDAQ - Бағалы қағаздар жөніндегі дилерлердің ұлттық қауымдастығының автоматтандырылған баға белгілеулері) компаниясының вице-президенті, еуропалық өңірінің басшысы Андэрс Еженделмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында "Астана" Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды.  

Айта кетейік, NASDAQ –  бұл АҚШ-тағы екінші ірі қор биржасы (компания сайты - nasdaq.com), онда барлық ашық түрдегі акционерлік компаниялардың бағалы қағаздарының жартысы шығарылады. Ол сондай-ақ  осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша (Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі) әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу