Үкімет басшысы жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырды

746

Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторды қарастыру қажет. Үкімет басшысы бұл тапсырманы білім және ғылым министріне жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысы жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырды

"Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 22 қарашаға дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтап, Үкіметке енгізіңіздер!" – деді Асқар Мамин Асхат Аймағамбетовке. 

Бұдан кейін үкімет басшысы Петропавл, Шымкент қалаларында Назарбаев университеті үлгісінде 2 жоғары оқу орнын ашуға қаржы қарастыру қажеттігін тілге тиек етті.  

"Мықты деген 20 өңірлік университетті, Петропавл мен Шымкентте "Назарбаев Университеті" үлгісінде 2 жоғары оқу орнын ашуды қаржыландыру мәселесін пысықтау керек. Шетелдік және қос дипломды бағдарламаларды, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту жұмысын жалғастыру қажет", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылым мен жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құруды пысықтауға тиіс. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу