Олардың қатарына семинарлар, көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру, консалтингтік қызметтер жатады.
Сонымен қатар, әкімшілік ғимараттар салу, көлік құралдарын сатып алу секілді шығындар осы тізімге кіреді.
Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында бюджет шығындары оңтайландырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында қабылданды.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, ықтимал болатын қосымша резервтерді анықтауға үшін бюджет шығыстарының басқа да баптарына талдау жүргізуде.
Республикалық бюджет пен жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобаларын әзірлеу жаңа Бюджет кодексінің ережелерін ескере отырып жүргізілуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері орталық мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп осы құжаттарды дайындауға кірісті.
Бұған қоса, республикалық бюджеттен бұрын бөлінген нысаналы трансферттердің шығыстары жергілікті бюджеттердің шығыс базасына сәйкестігі тұрғысынан нақтылануда. Бұл ретте олар салалық саясатқа және өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштеріне (елді мекендерде болуы тиіс әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары мен қызметтерінің ең төменгі тізбесі) сәйкес тексерілуде.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік бюджеттің параметрлерін жаңа талаптарға сәйкес жедел талдап, нәтижелерін жақын арада ұсынуды тапсырды.