Үкімет бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да $500 млн қарыз алады

1039

Қазақстан бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да 500 млн долларға қарыз алады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Үкімет бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да $500 млн қарыз алады

Үкімет қаулысы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Займ "мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар туралы" заңнамасы шеңберінде сыртқа облигация шығару процесімен алынбақ. Бұған дейін Үкімет Азиялық даму банкі мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд доллар алуға шешім шығарғаны белгілі. Ратификацияланған құжатта бұл қаражат пандемиямен күреске жіберіледі деп көрсетілген. Еске салайық, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қарыздар бойынша сыйақы төлемдер қызметінің шығыны 578,6 млрд теңгені құраған. 2019-шы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, былтыр Қазақстандағы бюджет дефициті 2,4 трлн теңгеге тең  болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу