banner

Үкімет халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады

905

"Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарына Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 246 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

Үкімет халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады Фото: Егемен Қазақстан

Енді ол 2029 жылға дейін есептелмек.

Бұл бағдарлама қазақстандық азаматқа, оның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Негізгі мақсат ретінде азаматтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыру қойылуда.

Бағдарлама бюджет пен кәсіпорындар есебінен жалақыны тікелей арттыруға ғана емес, сонымен қатар адами капиталды дамытуға, кәсіби дағдыларды арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алатын орта және ірі кәсіпорындардың жалақыны арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

“Кешенді жоспарды іске асыру мынадай 5 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

  1.  өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру;
  2.  "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру;
  3.  табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау шаралары;
  4.  бюджеттен төленетін жалақыны арттыру жөніндегі міндеттемелер;
  5.  халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау”, - делінген қаулыда.

Ақпаратқа сәйкес, кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам адам, оның ішінде 2,3 млн. жастар жұмысқа орнатылады, ЖІӨ-дегі еңбекақы төлеу үлесі 41,1%-ға дейін ұлғаяды (30,1%-дан), кедейшілік деңгейі 5%-ға дейін (5,3%-дан), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға (4,9%-дан) дейін төмендейді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу