Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады

532

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп жазады Inbusiness.kz Премьер министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болған. Бұл – жоспардың 94%-ы.

Қазіргі уақытта инвесторлар сыртқы экономикалық жағдайды бақылап, аңысын аңдап отырғанына қарамастан, инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келуде. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр:

  • мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту;
  • мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту.

Премьер-Министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу