Үкімет іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекітті

420

 "Ғылым туралы" ҚР Заңы 3-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қаулыға Үкімет басшысы Әлихан Смаилов қол қойды деп, жазады inbusiness.kz. 

Үкімет іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекітті Фото: primeminister.kz

"Қоса беріліп отырған іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары бекітілсін", делінген хабарламада.

Үкіметтің 2022 жылғы " 18 " қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларына сәйкес қаржыландыру  уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар үшін көзделген. Қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бес жылдан аспайтын мерзімге арналған шығыстарды қамтиды.

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар: археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі салаларын қамтиды.

Қаулыға сәйкес, ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар келесідей мақсаттарға жұмсалуы тиіс: 

Коммуналдық қызмет (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақысын төлеу;   байланыстың қызметтеріне ақы төлеу; көлік жалдау; негізгі құралдарға жататын тауарларды және  өзге тауарларды сатып алу шығындары, ағымдағы шығындар, күзет қызметтеріне;  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу;  өндірістік, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналды, ұйымның балансында болмаған жағдайда іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылатын зертханаларды, өзге де үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) орналастыру үшін үй-жайларды жалдау.

Шығыстары азаматтық заңнамамен реттелетін зертханалар үшін үй-жайларды және басқа үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) жалдаудан басқа бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

3. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеу, оның ішінде өтемақы, басшыларының, мамандарының қосымша ақылары мен үстемеақыларын қамтиды.

5. Іргелі ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін шығыстар мыналарды қамтиды:

1) қызметтік іссапарлар – іргелі ғылыми зерттеуді орындауға байланысты іссапарлар;

2) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін қажетті өзге де зертханалардың, басқа да ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;

3) материалдар сатып алу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін шығын материалдарын сатып алу;

4) іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу;

5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жариялауға, патенттеуге және талдамалық материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар;

6) жабдықтар мен техникаларды жалдау – іргелі ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалдауға байланысты шығыстар;

7) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар. Қызметтік іссапарлар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар шығыстарын өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады. Шығыстардың басқа түрлері растаушы құжаттар қоса берілген нақты шығындар бойынша қалыптастырылады.

Қаулының толық нұсқасымен Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсынан танысуға болады. 

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу