Үкімет кәсіпкерлікті дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр – Әлихан Смайылов

580

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Үкімет кәсіпкерлікті дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр – Әлихан Смайылов

Осыған сәйкес Ұлттық жоба әзірленді. Оның аясында экономиканың басым секторларында 6%-бен жеңілдетілген несие беру құралы кеңінен пайдаланылып, 2022 жылдың ақпан айынан бастап шағын, моноқалалар мен ауылдарда 5%-бен жеңілдетілген микронесие беру енгізілген.

Әлихан Смайылов мемлекеттік қолдау алатын бизнеске жаңа жұмыс орындарын құру үшін міндетті жағдайлар енгізілгендігі туралы да айтып өтті. Кредиттеудің ең жоғары сомасы 7 млрд-тан 3 млрд теңгеге дейін қысқарып, бұл шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамыз етуге септігін тигізіп отыр. 

"Барлық нормативтік-құқықтық актілерге ревизия жасау арқылы өзекті емес және негізсіз реттеушілік талаптардың ауқымды қысқартылуы жүргізіліп жатыр. Бұл реформа бизнеске түсетін салмақты орта есеппен 30 пайызға төмендетуге және оңтайлы әрі түсінікті реттеуші ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу