Үкімет 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Маңғыстау облысының Мұнайлы, Қарақиян және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Маңғыстау облысының аумағында орналасқан.
АЭА құрамына Ақтау халықаралық әуежайы кіреді және Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі болып табылады.
АЭА аумағына мыналар кіреді:
- Порт аймағы – 656,3543 га;
- Индустриалды аймақ – 2021,1487 га;
- Логистикалық аймақ – 1730 га.
2052 жылға дейін АЭА үшін жаңа нысаналы индикаторлар белгіленді:
- Жалпы инвестиция көлемі – 980 млрд теңге;
- АЭА аумағында тауарлар мен қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі – 1600 млрд теңге;
- Қатысушылар (компаниялар) саны – 150 бірлік;
- АЭА аумағында құрылған жұмыс орындарының саны – 5800 адам;
- АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі – 83%.
Қаулы 2025 жылғы 10 маусымда күшіне енді.