Үкімет КИМЭП университетін жекешелендіруге бермейтін болды

477

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, "КИМЭП университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінен алынады.  

Үкімет КИМЭП университетін жекешелендіруге бермейтін болды Фото: kimep.kz

Бастапқы жоспарға сәйкес, жоғары оқу орны 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында жекеменшікке берілуі тиіс болған, деп жазады inbusiness.kz informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Атырау халықаралық әуежайы, Алматы қаласының салттық қызметтер көрсету арнаулы комбинаты да бәсекелес ортаға берілмеуі мүмкін.

Республика өңірлеріндегі коммуналдық меншіктегі және акционерлік қоғамның еншілес, тәуелді ұйымы болып келетін бірқатар мекеме бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінен сызылады.

Олар:

  • Атырау облысында – "Хиуаз Доспанова атындағы "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ;
  • Түркістан облысында – Turkistan индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясы" ЖШС;
  • Алматы қаласында – "Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты" ЖШС;
  • Астана қаласында – "Астана − Арнайы қызмет көрсету бюросы" ЖШС;
  • Алматы қаласында – "Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС.

Қаулы жобасы 2 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу