Үкімет міндет қойған, "Қазақстан темір жолы" басшысы бұл жоспарға күмән келтіріп отыр

322

Үкімет биыл транзиттік тасымал көлемін шамамен 65 пайызға, яғни 55 миллион тоннаға дейін көбейтеміз деген ауқымды міндет қойып отыр. 

Үкімет міндет қойған, "Қазақстан темір жолы" басшысы бұл жоспарға күмән келтіріп отыр Фото: Үкімет

Биыл 1 қыркүйекке дейін теміржол саласындағы жаңа тариф саясатына қатысты түпкілікті шешім қабылдау қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үкімет биыл транзиттік тасымал көлемін шамамен 65 пайызға, яғни 55 миллион тоннаға дейін көбейтеміз деген ауқымды міндет қойып отыр. Ал "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы өз ақпаратында бұл жоспарға күмән келтіріп отыр. Мәселе – бізде емес, іргелес мемлекеттердің жоспарлары мен мүмкіндіктерінде. Енді анықтау қажет. Осыған орай, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы қажетті шараның бәрін қабылдауы тиіс. Соның ішінде цифрлық жаңғырту (яғни, трансформация) жұмыстарын аяқтауы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жүк тасымалдаушылардың бәріне ашық және бірдей қолдау көрсетілуі тиіс екенін баса айтты.

"Ол үшін ұлттық оператордың жүк вагондарын беру жұмысын толық цифрландырып, ретке келтіру керек. Теміржол саласындағы тариф саясатын реформалау – кезек күттірмейтін міндет. 1 қыркүйекке дейін жаңа тариф саясатының тұжырымдамасына қатысты түпкілікті шешім қабылдануы тиіс. Тариф саясаты, бұл – аса маңызды тақырып, көлік стратегиямыздың өзегі саналатын мәселе", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу