Үкімет неміс инвесторларын АӨК саласында бірлесе жұмыс істеуге шақырды

656

Германия инвесторларына қолдау көрсетілмек.

Үкімет неміс инвесторларын АӨК саласында бірлесе жұмыс істеуге шақырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Берлин Еуразиялық клубының 29-отырысында неміс бизнесі өкілдерімен ауыл шаруашылығындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның АӨК саласына герман инвестицияларын тарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бейнеконференция байланысына екі елдің үкімет және іскер топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.

Кездесуге Герман экономикасы шығыс комитеті президиумының төрағасы Оливер Гермес, Герман экономикасы Шығыс комитетінің бас басқарушы директоры Михаэль Хармс, Германия азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Уве Файлер және екі тараптың салалық министрліктерінің басшылығы қатысты.

Роман Скляр стратегиялық инвесторлармен күшейтілген жұмыс – бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген басымдық, бұл ретте Үкімет Германия бизнесіне біздің елімізде бірлескен жобаларды табысты іске асыру үшін қолдау көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе бола отырып, ауыл шаруашылығының дамуымен тікелей байланысты.

Агросаласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан неміс инвесторларына жеке қолдау шараларын ұсынуға дайын. Осы мақсатта үкіметтік жұмыс тобы әрекет етуде. Ол бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде жедел жұмыс істеуде.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, АӨК инвестиция үшін тартымды сектор. Бұл саладағы әлеуетті серіктестерге мемлекет тарапынан субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, арнайы салықтық режимдері ұсынылады.

Өз кезегінде Оливер Гермес Германия елімізбен өзара іс-қимылды сыртқы экономикалық қызметтегі басым бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын және бұл ретте неміс бизнесі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Уве Файлер агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң баға берді. Оның айтуынша, бұл екі елдің стратегиялық өзара іс-қимылын қолдау үшін инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу