banner

Үкімет өзін БАҚ арқылы ақтағысы келеді – Годунова

865

2020 жылы бюджеттің 570 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған.

Үкімет өзін БАҚ арқылы ақтағысы келеді – Годунова

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова елімізде бюджет қаржысын игеруге қатысты мәселе барын, ал үкімет өзін БАҚ арқылы ақтап алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде салықтық кедендік әкімшілендіру қоры бар.

"Алайда сапалы өзгерту, салықтық тексерулердің нәтижелілігін арттыру, кедендік статистикадағы алшақтықты азайтуға қатысты өзгеріс көріп отырған жоқпыз. Артық төлем мәселелері де шешілген жоқ. Қазір премьер-министрдің баяндамасына қатысты пікір білдіргім келмейді. Себебі, аталған мәселе есеп комитеті және  Парламент отырысында талқыға салынған. Бірақ уәкілетті орган аудитке де, Мәжіліс пен Сенат комитетінің отырысы мен жұмыс тобында бұл мәселені түсіндіре алған жоқ. Алайда Үкімет өзін БАҚ арқылы ақтағысы келеді", - деді төрайым Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Наталья Годунова бұл мәселе өте күрделі екенін, оқырмандар кейбір кәсіби жағдайларды түсіне бермейтінін атап өтті.

"Өкінішке қарай аталған салада кемшіліктер мен бұзушылықтар әлі де бар. Заңға сәйкес, олардың барлығы аудиторлық дәлелмен расталды. Сондықтан бизнеске мемлекеттік көмек тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, бағыныштылығын арттырып, қайта қарау арқылы фикстік саясат реформасы қажет. Атап айтқанда, тиімсіз салық жеңілдіктерінің күшін жою және оларды жүйелендіру бойынша салық базасын кеңейту жөнінде шаралар қабылдау шарт", - деді Есеп комитетінің төрайымы.

Ол көлеңкелі экономика күресті және салықтан жалтыру дерегімен күресті тоқтатпау керегін атап өтті.

"Есеп комитеті бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі мәселені қарау және мемлекет қаржысының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құжат әзірлеу керегіне бірнеше рет назар аударды. Мұндай құжат керек", - деп түйіндеді сөзін Наталья Годунова.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу