Үкімет парламентке 31 заң жобасын енгізеді

664

Мақсатқа жету үшін үкімет отырысында 2022 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарының жобасы бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет парламентке 31 заң жобасын енгізеді

"Үкіметтің 2022 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарының жобасында 31 заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу көзделеді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламентке – 11 заң жобасын, ал екінші жартыжылдықта – 20 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. 2022 жылға арналған жоспардың жобасында 1 кодекс пен 5 жаңа заң әзірлеу көзделген", – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, парламентке енетін құжаттардың арасында қоғамдық қатынасты реттейтін 3 жаңа заң жобасы болады.

"Бұл – тұтынушылардың құқығын қамтамасыз ету және жылу энергетикасы мәселелері жөніндегі заң жобалары мен Әлеуметтік кодекс жобасы. Үкіметтің 2022 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарының жобасын мақұлдауды ұсынамын. Бұл ретте мемлекеттік органдардың бірінші басшылары заң жобасының сапасын және парламентке дер кезінде енгізілуін қамтамасыз етсін!", – деді Aсқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу