Үкімет пен Ұлттық банк АЕК не үшін өзгергенін түсіндірді

677

Себебі инфляция өскен. 

Үкімет пен Ұлттық банк АЕК не үшін өзгергенін түсіндірді

Сәуірде, ҚР Үкіметі мен  Ұлттық Банкі бірлесіп 2022 жылғы айлық есептік көрсеткішті нақтылау туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бүгін бұл шешім туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Үкіметтің түсіндіруінше 2022 жылға инфляция дәлізі 4-6%-дан 8-10%-ға дейін ұлғайды, яғни инфляция өсімі 4%-ды құрады. Осыған байланысты, "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті. 

"Осыны ескере отырып, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4%-ға арттырылды", делінген хабарламада.
Жалпы алғанда 2022 жылы зейнетақы төлемдерінің өсуі алдыңғы жылға қарағанда 11%-ды (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып), базалық зейнетақы төлемі мен жәрдемақылардың өсуі 9%-ды құрады.

Айыппұл санкциялары, салықтар және ҚР заңнамасына сәйкес басқа да төлемдер үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген  3 063 теңге мөлшеріндегі АЕК қала береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу