Үкімет пен Ұлттық банк ортақ шешімге келе алмады

747

Үкімет пен Ұлттық банк ортақ шешімге келе алмады

Үкіметтің бүгінгі отырысында Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың дербес есепшоттарынан мәліметтер ұсыну мақсатында ақпараттық жүйелерді интеграциялауға қарсылық білдірді, деп хабарлайды abctv.kz. 
"Біріншіден, қолданыстағы заңнамада коммерциялық және банктік құпияға жататын мәліметтерді әшкере етудің тәртіптері қатаң реттеледі. Мұндай ақпаратқа жекелеген меморгандардың ғана қол жеткізуге рұқсаты бар. Заңда барлық регламент қолмен қойылғандай нақты жазылған. Екіншіден, егер бұл жерде бұған дейін қолданылып келген "банктік құпия" концепциясын түбірімен қайта қарау туралы әңгіме болып отырса, онда мен бұл мәселені әлдеқайда кең ортада, қаржылық тұрақтылық пен біздің азаматтарымыздың мүдделерін қорғау тұрғысынан талқылауымыз, зерделеуіміз қажет деп санаймын. Сондай-ақ мұндай мәліметтерді кімге ұсынуға тиістігіміз де түсініксіз. Тиісінше, біз бұл мәселе әлі де мұқият пысықталуы керек деп есептейміз. Сондықтан хаттаманың 4-ші пунктін алып тастауды ұсынамыз", – деп шарт түйді ұлттық банк төрағасы.
Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев өздері енгізіп отырған бұл ұсыныстың негізсіз еместігіне табандағанымен, премьер-министр қойылып отырған мәселе бойынша отырыстан кейін Данияр Талғатұлымен қайта тілдесіп, шешім қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу