Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

370

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі Фото: varandej.livejournal.com

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаражат қаланы жылумен қамту сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады. 

Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі техникалық тексеру нәтижелерімен расталды. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымданулар мен тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденді.

Қазандық агрегаттары мен жылу желілерін жөндеу жылу жүйесінің тұрақты жұмысын арттырып, қала тұрғындарын жылумен қамтудың сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу