Үкімет таксистер мен курьерлерден салық алудың амалын тапты

687

Үкімет таксистер мен курьерлерден салық алудың амалын ойлап тапты. Міндетті төлемді өтеуді міндеттеген атқарушы биліктің қадамы Глово, яндекс таксидегілерді шошытып отыр. 

Үкімет таксистер мен курьерлерден салық алудың амалын тапты

Жалдамалы еңбеккерлер "олардан алынатын алым одан бетер көтеріліп кете ме?" деп алаңдаулы. Себебі, арнайы салық режимі сервис операторларына салмақ түсіргелі тұр.

Демежан Кәрменовтың яндекс такси және индрайвер сервистері арқылы нәпақа тауып жүргеніне 4 жыл болған. Ол онлайн платформаның қыр-сырын толық меңгерген тәжірибелі жүргізуші. Ешкімнің билігінсіз жұмыс істеймін деушілерге онлайн сервис таптырмас құрал, бірақ кемшіл тұстары да көп дейді. Мәселен, абайсыз қателік жіберген жүргізушіні операторлар кенеттен бұғаттап тастауы мүмкін. Ал енді министрлік ұсынып отырғандай платформа қызметкерлер үшін салық төлеуге міндеттелсе, тапқан табысы біршама азая ма деп күдіктенеді. 

"Әлеуметтік пакет енгізілуі қалтамызды қаға ма деп қорқамыз. Зейнетақы, медициналық сақтандыруға әлеуметтік төлемдер аударылып отырғанмен, сервис жалақымыздан ұстап қалатын комиссия өспесе екен дейміз. Себебі, қазірдің өзінде бір айда 600 мың тапсақ, оның 200-250 мыңын платформаға береміз", дейді Такси жүргізушісі Демежан Кәрменов.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше, жұмысшы күнделікті сервиске тапқан табысының 25 пайызын беріп отырса, әлеуметтік пакет үшін ұсталынатын салық сол комиссияның ішіне кіреді. Сондықтан бұл өзгерістен теуелсіз қызметкерлер пайда таппаса, опық жемейді деп отыр. 

"Кез келген қызметкер бір күні жұмыссыз қалуы мүмкін. Әркімнің денсаулығына нұқсан келіп немесе бұл әйел адам болса, ертең бала табатыны анық. Сондықтан олардың барлығына әлеуметтік қолдау болу керек. Бағдарламалардың операторларының да әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс", дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Енді онлайн платформа операторлары салық агенттері ретінде бекітіліп, оларға жұмыскерлердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отыру міндеті жүктеледі. 

Тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы еңбеккерлер ерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қордан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады. Тиісті аударымдар болмаған жағдайда, онлайн платформаларға қарсы санкциялық шаралар қолданылмақ.

Сымбат Серікқызы

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться