Үкімет тәрбиешілер жалақысын көтеруді қарастырады

1784

2020 жылы Үкімет балабақша мен ауру балаларға арналған мектеп тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастырмақ.

Үкімет тәрбиешілер жалақысын көтеруді қарастырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балабақша мен ауру балаларға арналған мектеп тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастыруға уәде етті, - деп хабарлайды  "Интерфакс-Қазақстан".

"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу