Үкімет төмендетілген газ бағасын қай уақытқа дейін ұстап тұратыны әзір белгісіз

1668

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Үкімет төмендетілген газ бағасын қай уақытқа дейін ұстап тұратыны әзір белгісіз

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай бекеттері арасында келісім бар-жоғы туралы тексеру жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша осы баға қалатын-қалмайтыны туралы нақты айта аламыз", - деді ол.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының автогаз толтыру станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 

Ресми ақпарға сүйенсек, Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл "ҚазГөз" ЖШС – 14,5 мың тонна, "Атырау МӨЗ" ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Автокөліктердің 70-90%-ы газ пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу