Премьер министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кірістердің болжамы 2026 жылға 10,7 трлн теңге, 2027 жылға – 12,1 трлн теңге, 2028 жылға – 13,3 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жергілікті бюджеттер шығыстарының жалпы болжамы 2026 жылға 14,9 трлн теңге, 2027 жылға – 17,3 трлн теңге, 2028 жылға – 18,7 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі инфляцияға индекстеуді және өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың болжамды санын ескере отырып есептелген", – деді Серік Жұманғарин.
Оның сөзінше, 2026 жылға арналған субвенциялар көлемі – 5,1 трлн теңгені, 2027 жылға – 6,4 трлн теңгені, 2028 жылға – 6,8 трлн теңгені құрады.
Сонымен қатар 2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететіндігі, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор болатыны айтылды.
Айта кету керек, бұған дейін министр алдағы үш жылда республикалық бюджет шығыстары қандай болатынын айтқанын жазғанбыз.