Үкімет зейнет жасын төмендетуді қарастырып жатқан жоқ

728

Әлемде керісінше зейнет жасын ұлғайту ұсынылуда.   

Үкімет зейнет жасын төмендетуді қарастырып жатқан жоқ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпшіліктің көкейінде жүрген зейнет жасын төмендету туралы сауалға жауап берді. "Ол бір мезетте шешілетін мәселе емес" деген министр әлемдік тәжірибеге тоқталды.

"Кез келген елде, әлемде бұл мәселеге қатысты шешім зерттеулерге, ұзақ мерзімді болжамдарға сүйеніп қабылданады. Бұл жерде экономикалық, демографиялық факторлар ескеріледі. Жұмыс істеп жүрген азаматтар мен зейнеткерлердің санының арасындағы арақатынас мөлшері, халықтың қартаю динамикасы және басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Әлемдегі трендтерді ескерсек, бүгінде бүкіл дүниежүзіндегі елдер қайта зейнет жасын ұлғайтуға тырысып жатыр. Әрине, Еуропа елдерінде бұрыннан зейнет жасы  біздікінен жоғары болған. Әлемдік тәжірибені де ескеріп, өзіміздің экономикалық, демографиялық жағдайға сүйене отырып, бүгінгі таңда үкімет тарапынан зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу