Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаға кепілдік бере ме?

224

Мемлекет басшысы зейнетақы активтерін тек нарық талаптарына сай пайдалану керек екенін айтты.  

Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаға кепілдік бере ме? Фото: Inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров БЗЖҚ зейнетақы активтерін инвестициялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Зейнетақы қорындағы ақшаға кепілдік беріле ме? Қазақстандықтар зейнетақысыз қалып қалмай ма?" деп сұрады.

"Бұл мәселе осыған дейін де айтылды. Қазір Ұлттық Банк осы қордың басқарушысы ретінде қордың инвестициялық бағыттарын айқындайды. Яғни қандай құралдарға инвестициялау керек, қандай табыс түседі. Біз енді Үкімет деңгейінде осы белгіленген инвестицияларды қай салаға жіберу керек екеніне жауаптымыз. Қазіргі уақытта екі үлкен ұлттық холдинг бар. Соның бірі – "Самрұқ-Қазына". Солардың инвестициялық жобаларын қарастырып жатырмыз. Екі холдинг кредиттік сенімділік жағынан Ұлттық Банк үшін жоғары сапалы қарыз алушы болып саналады. Сондықтан ол жерге салынған ақша кепілді түрде қайтарылып отыратын болады", - деп жауап берді министр.

Нұрлан Байбазаров зейнетақы қорынан қанша қаржы алу жоспарланып отырғанын жеткізді.

"1-1,5 трлн теңгені Қордан алып, Мемлекет басшысы айтқандай, экономиканы, инфрақұрылымды, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жұмсаймыз ба деген жоспарымыз бар", - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу