Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда оларға өз міндеттерін одан әрі атқару тапсырылады.
Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы.
Айта кетейік, бүгін жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу