Үкімет жұмыссыздар санын жасырып отыр ма?

1271

Сенатор Айгүл Капбарованың айтуынша, үкімет жұмыссыздықты уақытша жұмыс берумен ғана шешуге тырысады. 

Үкімет жұмыссыздар санын жасырып отыр ма?

"Есеп комитетінің деректері бойынша, дағдарысқа қарсы жобалардың бар-жоғы 14%-ы ұзақ мерзімді экономикалық активтер мен объектілерді құруға бағытталған. Жұмыссыздыққа қарсы күресте жауапты органдар қысқа мерзімде әсер ететін әдістерді жиі таңдайды", – деген ол үкімет басшысына бірқатар шараны ұсынды.

Оның айтуынша, "Еңбек" жұмыспен қамту бағдарламасына қосымша, инфрақұрылым объектілерін салу және дамыту есебінен жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын "Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖҚЖК)" бағдарламасына бөлінген 1 трлн теңге қаражаттың дұрыс жұмсалуын қатаң қадағалау және қаржының сапалы игерілуін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл екі бағдарлама түпкі мақсатынан ауытқымай, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиіс.

Депутат келтірген статистика деректері бойынша, 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Ресми статистика көрсеткендей, жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күні өзгеріссіз қалады. Бұл 450 753 адам. Алайда депутаттың айтуынша, бұл сандарға сену қиын.

"Көптеген дамыған елдерде эпидемиологиялық жағдайға байланысты еңбек нарығындағы жағдай күрт өзгерді. Жұмыссыздық деңгейі кем дегенде 10 пайызды құрады. Ал Қазақстандағы өзгерістер – 0,2 пайыз. Бұл сандар қоғамға да, экономикалық сарапшыларға да сенім ұялатпайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға цифрлық ойындарды тоқтатып, азаматтардың нақты өмірін жақсартуға нақты тапсырма берді. Осыған байланысты, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Үкімет халықты жұмыспен қамту бойынша қандай кешенді шаралар қабылдап жатыр деген сұрақ туындайды", – деген депутат Премьер-Министр Әлихан Смайыловтан осы мәселе бойынша жауап беруін сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу