Үкіметке төтенше жағдайда уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі

494

ҚР Парламенті мен Үкіметінің өкілеттігіне қатысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үкіметке төтенше жағдайда уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі Фото: inform.kz

"Парламент Мәжілісінде аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша "президенттік квотаны" қалыптастыру тәртібі өзгерді. Сонымен қатар, қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес Парламенттің өкілеттігіне қатысты бірқатар нақтылайтын өзгертулер енгізілді", - деді ҚР Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заңнамалық өзгеріс Үкіметтің құзыретіне де қатысты.

"Үкіметке кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда заңнамалық күші бар уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі. Бұл - эксклюзивті жағдайда қолданылатын іс-шара. Осылайша актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін барынша азайту мүмкіндігі туып отыр", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу